Ақтөбе қаласында өткен Б.Жаманбаев атындағы “Алтын камертон” І-ші Республикалық хор дирижерларының ашық байқауында:
“А” категориясы бойынша Қазақстанның әр аймағынан келген 17 қатысушы ішінен ІІ турға 8 қатысушы өтсе, оның ішінде 4 студент Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің “Хорда дирижерлау” бөлімінің студенттері!
Байқаудың қорытындысы бойынша: Шокенова Каламкас және Баимбетов Алмас ІІ дәрежелі лауреат, Мұрат Ардақ пен Шмакова Анастасия ІІІ дәрежелі лауреат атанды.
“С” категориясы бойынша бөлім оқытушысы Мусульманов Назымбек хормейстерлар арасында ІІІ дәрежелі лауреат атанды.