ҚР Халық әртісі А.Үлкенбаеваның шеберлік сабағы өтті
ҚР Халық әртісі А.Үлкенбаеваның шеберлік сабағы өтті

Бүгін колледжіміздің камералық залында ҚР Халық әртісі, профессор Үлкенбаева Айгүл Нариманқызының шеберлік сабағы өтті.
Аталмыш кездесу колледж студенттеріне орындаушылықтың қыр-сыры, техникасын арттыру, дыбыс сапасын жетілдіруге септігін тигізетін кездесу болды деп ойлаймыз.
“Мен үшін ең маңыздысы - асыл мұрамыз күйшілік дәстүрді сақтап, оны одан әрі дамытуға қызмет ету” деп Айгүл Нариманқызы айтқанындай осындай тағылымы мол шеберлік сабақтардың болашақта өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.
 
 

Share: