“Желтоқсан жаңғырығы жадымызда”
“Желтоқсан жаңғырығы жадымызда”

Бүгін колледжіміздің камералық залында 16 желтоқсан Тәуелсіздік құрбандарын еске алу күніне арналған “Желтоқсан жаңғырығы жадымызда” атты іс- шарасы өтті.
Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын Желтоқсан оқиғасына 37 жыл толып отыр. Желтоқсан оқиғасы халқымыздың мызғымас рухын, азаттық пен тәуелсіздікке деген арман тілегін көрсетті деп білеміз.
Іс-шара аясында Еуразиялық мәдениет қорының вице-президенті Чингиз Сержанұлы Канапьянов колледж студенті Жаркимбаева Калаужанға қор степендиясын табыстады.
Сондай-ақ шараның құрметті қонағы Желтоқсан оқиғасының куәгері “Өршіл рух” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мухаметалин Серік Сейтқанұлы өз естеліктерімен бөлісті. Іс-шара колледж студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Директордың оқу- оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Балпанова Г.С. келген қонақтарға алғыс айтып, колледж директорының атынан естелік сыйлықтарды табыстады. Біз батыр бабаларымыздың ерлігін әрқашан қастерлеп, осынау жолда құрбан болған батырларымызды мәңгілік жадымызда ұстауға тиіспіз.
 
Ел аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
 

Share: