Е.Үсеновтың 70 жылдық мерейтойына арналған конкурсы
Е.Үсеновтың 70 жылдық мерейтойына арналған конкурсы

Қараша айының 9-10 жұлдызында “Халық аспаптары” ПЦК ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, ұлағатты ұстаз, домбырашы Ермұрат Үсеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған “домбыра”, “фольклорлық аспаптар” және “қобыз”номинациялары бойынша бөлімаралық конкурсы өтті. Конкурста халық күйлері, халық композиторларының күйімен қатар Е. Үсеновтың шығармалары міндетті түрде орындалды.Бөлімнің даңқты түлегі, композитор Е. Үсеновтың шығармашылығына арналған осындай конкурстар өскелең  ұрпаққа берері мол деп білеміз.
 
 
 

Share: