Педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңес

Бүгін, Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залында педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рахымбаева Г.Б.
“Колледжде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, өзекті мәселелері” (Студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу және оқыту);
2. Колледж психологы Ибрагимова Ғ.М., “І-курс студенттерін колледжде оқу жағдайына бейімдеу”;
3. Колледж директорының ОӘБ жөніндегі орынбасары  Мукушева Г.К. “Колледждің оқу бағдарламаларын дайындау. Республикалық тізілімде білім беру бағдарламаларын орналастыру туралы”;
4. «Музыка теориясы» ПЦК оқытушысы Яготинцева И.Н. “Кәсіптік бағдар жұмысы контингентін қалыптастыру жүйесінің маңызды элементі ретінде” атты мәселелері болды.
Педагогикалық кеңес Республика күні мерекесіне орай бірқатар әріптестерімізді марапаттаумен жалғасын тапты.
ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен Костычева Ольга Николаевна.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен Ченемисова Лаула Табысбекқызы., Тайтеленова Ардақ Габдрахимқызы., Есеналиева Дана Асылбекқызы.,
 
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен Егізбаева Майра Акимханқызы., Абдирзакова Анар Жексенәліқызы марапатталды. 
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық толағай табыстар тілейміз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Share: