Шығармашылық кездесу
Шығармашылық кездесу

Бүгін колледжіміздің Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залында РФ мен Абхазия Республикасының халық әртісі, П.И. Чайковский атындағы халықаралық конкурстың тұңғыш Гран-При иегері(1994), Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Хибла Герзмава атындағы халықаралық вокалистер мен концертмейстерлер конкурсы финалистері Дамир Садуахасов (тенор), Гульдана Алдадосова (сопрано), Марина Алтухова (концертмейстер) шығармашылық кездесу өтті.
 
Шығармашылық кездесу аясында қонақтар колледж студенттерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, конкурс қызықтарымен бөлісті.
 
Колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Е.Хасанғалиев келген қонақтарға алғыс білдіріп, шығармашылық өнер жолында толағай табыстар тіледі.
 
 
 

 

Share: