Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІ Республикалық опера орындаушылар конкурсының ашылу салтанаты

Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІ Республикалық опера орындаушылар конкурсының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш конкурста еліміздің түкпір-түкпірінен  талантты өнерпаздар бақтарын сынауда. Колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Б.Е. барша қатысушыларға сәттілік, байрақты өнер бәйгесінде жеңіс тұғырынан көрінуіне тілек білдірсе, Ескендір Хасанғалиев атамыздың туған жері Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласынан облыс әкімінің алғы сөзін облыстық халық шығармашылық орталығының директоры Жубатов Мәулет Өтемісұлы жеткізіп, байқауға қатысушыларға сәт сапар тіледі.
 
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! 
 

Share: