Колледжіміздің 90 жылдық мерейтойына орай бірқатар қызметкерлеріміз ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарына ие болды.
Колледжіміздің 90 жылдық мерейтойына орай бірқатар қызметкерлеріміз ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарына ие болды.

2022 жылдың 9 желтоқсанында Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының концерт залында Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 90 жылдығына орай өткен мерейтойлық концерті аясында колледжіміздің бірқатар қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келесі марапаттарына ие болды.
 
Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен:
  1.  “Хорды дирижерлау”пәндік-циклдік комиссиясының оқытушысы Берекешева Оксана Николаевна;
  2.  “Үрмелі, ұрмалы және ішекті аспаптары” пәндік-циклдік комиссия оқытушысы Жыңғылбаев Асылбек Орманұлы, 
  3.  “Халық аспаптары” пәндік-циклдік комиссия оқытушысы Манашов Сабыржан Сейтахунұлы;
  4.  Нурсейтова Гүлзира Айтбайқызы марапатталды.
 
ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен:
  1.  “Халық аспаптары” пәндік-циклдік комиссия оқытушылары Аманжол Гүлжан Сабырқызы мен Аюпханова Әдемі Аюпханқызы;
  2.  “Музыка теориясы” пәндік-циклдік комиссия оқытушысы Тыныбеков Ерасыл Талғатұлы.
 
ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен:
  1. “Дәстүрлі ән салу” ПЦК оқытушысы Абилбаев Рауан Бауыржанұлы;
  2. “Эстрадалық ән салу” ПЦК оқытушысы Алхожаева Лейла Шахадинқызы;
  3. “Халық аспаптары” ПЦК оқытушысы Рузденова Айгүл Бексауытқызы
 
Аталған марапат иелеріне марапаттарын ҚР Мәдениет және спорт министрі, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Данияр Абзалиденұлы Алиев мырзамен колледжіміздің директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы табыстады.
 
Сонымен қатар бір қатар қызметкерлеріміз Алмалы, Алатау аудандары әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарына ие болды.
 
Барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық толағай табыстар тілейміз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Share: