Республикалық ғылыми-практикалық конференция
Республикалық ғылыми-практикалық конференция

Бүгін колледжінің камералық залында қазақ өнерінің қара шаңырағы Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында “Қазақстандағы кәсіби музыкалық білім берудің бастауы Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі” атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырысты конференция модераторы колледж директорының оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары Мукушева Г.К. жүргізді.
 
Колледж директоры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Хасанғалиев Б.Е. конференция қонақтарына колледж тарихы туралы мағлұмат беріп, желтоқсан айында өтетін колледждің 90 жылдық мерейтойлық концертіне шақырды. Сондай-ақ конференция жұмысына сәттілік, баяндамашыларға шығармашылық толағай табыстар тіледі.
 
“Қазақ халық аспаптары” бөлімінің алғашқы түлегі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры Искаков Біләл Алпанұлы да өзінің ыстық естеліктерімен бөлісті.
 
Надежда Филаретовна фон Мек халықаралық қайырымдылық қорының президенті әрі жетекшісі, ағартушы, меценат, қор басшысы, коллекционер, баспагер Денис Андреевич фон Мек видео құттықтау жолдап, конференция жұмысына сәттілік тілеп, композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы тың естеліктерімен бөлісті.
Алдағы уақыттада колледжімізбен шығармашылық ынтымақтастық жалғасатынын жеткізді.
Пленарлық отырыс конференция секцияларында өз жалғасын тапты
 
 
 
 
 
 
 
 

Share: