Ақпараттық хат

Петр Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі 2022 жылдың 16 мамырында өтетін Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор, әнші, қазіргі қазақ вокалдық музыкасының негізін салушылардың бірі Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған «Қазақстанның заманауи музыкалық білім беру кеңістігіндегі вокалдық орындау мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты:

Қазақстанның вокалдық педагогикасы саласында, вокалдық өнер, әншілік дауыс және оны дамыту әдістері туралы ғылыми тұрғыда тәжірибе алмасу; қазіргі вокалдық орындаушылық пен білім берудің әртүрлі мәселелерін шешу.

16 мамырда болатын конференция туралы ақпараттық хат

Share: