Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің камералық залында Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІІ Республикалық опералық орындаушылар конкурсының жеребе тарту рәсімі өтті

Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің камералық залында Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІІ Республикалық опералық орындаушылар конкурсының жеребе тарту рәсімі өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен бақтарын сынауға келген талантты өнерпаздарға колледж директорының ОӘБ жөніндегі орынбасары Мукукшева Г.К. сәттілік тілеп, аталмыш байқаудың өміршең болуына тілек білдірді.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! Өнерлеріңіз өрісті, шығар биіктеріңіз Тұғырлы болсын.
Байқаудың салтанатты ашылу рәсімі мамыр айының 14 жұлдызында колледжіміздің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында өтеді.
 
Басталуы: 10.00де
 
 
 

Share: