ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері, даңқты композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына арналған өнер колледждерінің студенттері арасында волейболдан қалалық ашық турнирі өтті
Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ұйымдастыруымен ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері, даңқты композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына арналған өнер колледждерінің студенттері арасында волейболдан қалалық ашық турнирі өтті.
Колледж директорының оқу жөніндегі орынбасары, ҚР Мәдениет саласының үздігі Балпанова Гүлсара Сайдғалиқызы алғы сөзінде жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, сонымен қатар даңқты композитор, қазақ халқының біртуар перзенті Ескендір Хасанғалиев есімі, шығармашылық мұрасы халқымен бірге жасай беретінін жеткізді..
Турнирге Ж. Елебеков атындағы РЭЦК, О. Таңсықбаев атындағы АСҚӨК, А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты, Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА колледжі, П. Чайковский атындағы АМК командалары қатысып бақтарын сынады.
Турнир қорытындысы бойынша:
І орын:
Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА колледжі командасы
ІІ орын:
П. Чайковский атындағы АМК командасы
ІІІ орын:
О. Таңсықбаев атындағы АСҚӨК командасы
Турнирдің үздік ойыншысы
Макибаев Бейбарыс (Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА колледжінің студенті)
Турнирдің үздік шабуылшысы
Әбдібек Нұрзат (О. Таңсықбаев атындағы АСҚӨК студенті)