АЛМАТЫДА I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ÜNDESU» ФЕСТИВАЛІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
АЛМАТЫДА I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ÜNDESU» ФЕСТИВАЛІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

2026 жылғы 16 қарашада Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған I Халықаралық «ÜNDESU» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Фестивальдің ашылу салтанаты аясында мерекелік концерт ұйымдастырылып, оған Қазақстанның халық әртісі Шахимардан Әбілов, Қырғыз Республикасының халық әртісі Бактыбек Ыбыкеев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Серкебаева, сондай-ақ колледждің шығармашылық ұжымдары, оқытушылары мен жас өнерпаздары қатысты.

Концерттік бағдарламада музыкалық өнердің түрлі бағыттарын қамтитын шығармалар орындалып, көрермендерге мазмұнды мәдени-рухани кеш ұсынылды. Өнер майталмандарының қатысуы фестивальдің халықаралық деңгейін айқындап, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың маңызын көрсетті.

I Халықаралық «ÜNDESU» фестивалі – Ермек Серкебаевтың бай шығармашылық мұрасын дәріптеуге, ұлттық музыкалық өнердің сабақтастығын сақтауға, жас орындаушылардың кәсіби дамуына және халықаралық мәдени байланысты нығайтуға бағытталған маңызды мәдени жоба.

 

Фестиваль аясындағы іс-шаралар 18 қарашаға дейін жалғасады.

 

Share: