2026 жылғы 18 қарашада Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған I Халықаралық «ÜNDESU» фестивалі аясында Қазақстан мен Қырғызстанның танымал өнер қайраткерлерінің қатысуымен шеберлік сабақтары мен концерт өтеді.
Іс-шараның мақсаты – екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту, музыкалық өнер саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және жас орындаушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау.
Фестиваль аясындағы кездесулер мен концертке барлық өнер сүйер қауым шақырылады.
Өтетін күні: 2026 жылғы 18 қараша
Кіру тегін!


