Колледжімізде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Kazpatent) Алматы филиалы өкілдерінің қатысуымен «QazCopyright: авторларға, орындаушыларға және құқық иеленушілерге арналған практикалық нұсқаулық (авторлық құқық)» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – авторлық құқық және зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру, шығармашылық еңбек нәтижелерін қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шара барысында авторлық құқықты қорғау тетіктері, музыкалық және басқа да шығармашылық туындыларды құқықтық тұрғыдан қорғау, авторлар мен орындаушылардың құқықтары, сондай-ақ туындыларды пайдалану кезіндегі заң талаптары туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, авторлық құқық саласындағы практикалық мәліметтермен танысты.
Мұндай кездесулер болашақ мамандардың құқықтық сауаттылығын арттырып, шығармашылық еңбекті бағалау мен зияткерлік меншік құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
