ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ÜNDESU» I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ÜNDESU» I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Ермек Серкебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай I Халықаралық «ÜNDESU» фестивалі ұйымдастырылады.
 
Фестиваль аясында салтанатты ашылу рәсімі, гала-концерт, арнайы концерттік бағдарлама және «Ермек Серкебаев: өнер, тарих және білім диалогі» тақырыбында талқылау алаңы өтеді.
 
Аталған мәдени іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлы опера әншісі Ермек Серкебаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеу, оның ұлттық және әлемдік музыка өнеріндегі орнын айқындау, сондай-ақ өнер мен білім саласындағы халықаралық байланысты нығайту.
 
Барша өнерсүйер қауымды мерейтойлық фестивальдің іс-шараларына қатысуға шақырамыз!
 
 

Share: