“Ана тілім-өз тілім” шығармалар сайысының марапаттау рәсімі
“Ана тілім-өз тілім” шығармалар сайысының марапаттау рәсімі

Қазақстан халқы тілдері күніне орай қыркүйек айының 19 жұлдызында «Петр  Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» РМҚК Оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен
«Ана тілім – өз тілім» атты колледжішілік шығармалар сайысы басталған болатын. 
 
Айта кетсек, бұл сайыс “Жалпы білім беру” ПЦК оқытушылары тарапынан ұсынылып, оқу-әдістемелік бірлестікпен алғаш рет өткізіліп отыр. 
 
Мақсаты студенттерімізді өз тілін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге баулу.
 
Алғы сөз Петр  Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі директорының оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары Мукушева Гульмира Құрабайқызына берілді.
 
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын:
1. Биктасов Мансур
2. Бондаренко Рада
 
ІІ орын иегерлері:
1. Дүйсенқызы Амина
2. Цхе Сергей
3. Сыздыкова Дана
4. Шангараев Ратмир
 
І орын:
1. Данашбек Ардаби
2. Мельник Роман
3. Пушкин Роман иеленді.
 
Барша жүлдегерлер мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
 
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ана тіліміздің мәртебесі биік болсын!
 
 

Share: