Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІ Республикалық опера орындаушылар конкурсының салтанатты жабылу рәсімі
Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залында ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі, Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, «Хасанғалиев әлемі» мәдениетті қолдау қорының ұйымдастырылуымен өткізілген Ескендір Хасанғалиев атындағы II Республикалық опералық орындаушылар байқауының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Классикалық музыка әлеміндегі ұмытылмас екі күндік байқау көзді ашып жұмғанша өте шықты. Бүгінгі күні музыкалық өнердің шыңына жаңа дарынды орындаушылардың шыққаны сонымен қатар тағы бір белесті бағындырғаны бізді қуантады.
Құттықтау сөз ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері – Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы сөйлеп, барша байқауға қатысушы талантты орындаушыларға алдағы өнер жолына тек сәттілік тіледі.
Байқаудың Гран-При жүлдегері Бейсеков Алихан (Алматы қаласы);
І орын жүлдегері:
Абибулла Ақжүніс (Қызылорда қаласы);
Шевченко Богдан (Алматы қаласы);
ІІ орын жүлдегері:
Бахыт Әйгерім (Алматы қаласы);
ІІІ орын жүлдегерлері:
1. Ратбек Райымбек (Алматы қаласы)
2. Санатұлы Санжар (Алматы қаласы)
3. Кумекбай Әйгерім (Шымкент қаласы)
4. Сағындықова Баянсұлу (Қызылорда қаласы)
5. Жанатқалиқызы Жаннұр (Алматы қаласы);
Байқау дипломанттары:
1. Бисаринов Дарын (Өскемен қаласы)
2. Джурсунбек Қасым (Шымкент қаласы)
3. Құсайнов Дамир (Алматы қаласы)
Хасанғалиевтер жанұясы атынан арнайы сыйлық иегері – Көптілеу Әли (Астана қаласы)
Ескендір Хасанғалиев атындағы IІ Республикалық опералық орындаушылар байқауының жүлдегерлерімен дипломанттарын тағы да шын жүректен құттықтаймыз.
Қазақ халқының ән өнеріне зор үлес қосқан ұлы композитор Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтың шығармашылығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын баға жетпес мұра. Ұлы мұраны аманаттап, насихаттау мақсатында атқарылған осынау байқау болашақта да өзінің өміршеңдігін жалғастыра береді деген сенімдеміз.