Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залында “Қазақ халық аспаптары” пәндік-циклдік комиссиясының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік құрбандарын еске алу күніне орай мерекелік концерті өтті. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі деп білеміз. Колледж студенттерінің бүгінгі қойылымында Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтардың тағдыры көрсетілді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы болсын дейміз.
Тәуелсіздік күнімен барша отандастарымызды шын жүректен құттықтаймыз!