Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, “Номад Life өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ, “Хасанғалиев әлемі” мәдениетті қолдау қорының қолдауымен “Көшпенділер әуені” VI Дәстүрлі әншілердің Республикалық байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Хасанғалиев Б.Е., “Номад Life өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ Алматы өңірі бойынша директоры Ұзақова Мансия Разханқызы байқауға қатысушы талантты жастарға құттықтау сөз сөйлеп, ақ жол тіледі.
Байқауға келген құрметті қонақтар қатарында елімізге белгілі музыкалық оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, байқаудың қазылар алқасы болды.
Қазылар алқасының төрайымы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жанпейісова С.С., байқауға қатысушы байқауға қатысушы жастарға ақ жол тілеп, қонақ кәде ретінде ән орындады.
Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан ұлан-ғайыр даламыздың әр түкпірінен келген талантты жастарымызға байқауда сәттілік жолдас болсын дейміз!
Ұлтымыздың жаны, дәстүрлі ән өнеріміз жасай берсін!