Мәскеу қаласында өткен классикалық гитара орындаушылардың ІІІ Халықаралық конкурс-фестивалі

 
Қазан айының 26-30жұлдызы аралығында Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында өткен классикалық гитарада орындаушылардың ІІІ Халықаралық конкурс-фестивалінде колледжіміздің студенті Рустам Валитов ІІ орын иегері атанды.
 
Ұстазы: Ким Геннадий Сергеевич.
Аталған конкурстың мақсаты: Классикалық гитараға арналған академиялық бағыттағы жас дарынды композиторларды анықтау және қолдау;
  • - орыс гитара орындаушылық мектебінің кәсіби дәстүрлерін танымал ету, сақтау және жетілдіру;
  • - ең дарынды және кәсіби түрде дайындалған классикалық гитарашыларды анықтау және қолдау;
  • - камералық ансамбльдік орындаушылық дәстүрін дамыту;
  • - жас музыканттардың шығармашылық өсуіне ынталандыру, олардың орындаушылық деңгейін арттыру;
  • - композиторлар, оқытушылар мен классикалық гитарада орындаушылар арасындағы мемлекетаралық шығармашылық байланысты нығайту болып табылады.
Барша колледж ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық толағай табыстар мен жаңа жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз.

Share: