«Адалдық алаңы» жоба кеңсесінің басшысымен кездесу

2021 жылдың 14 сәуірі күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Камзолдаев Марат Болысбекұлы жұмыс сапарымен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне келді.Кездесуде оқу орнының әкімшілік-басқару мүшелері: директор, директордың орынбасарлары, бас бухгалтер және колледжнің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі қатысты.Кездесу барысында жобалық кеңсенің одан арғы жұмыс барысы талқыланды.

Жобаның басты мақсаты- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, оқу орнындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және білім беру мен оқыту үшін қолайлы жағдай жасау. Мемлекеттік органдардың жұмысы ашық болуға тиіс. Ол үшін ауқымды қоғамдық бақылау енгізілуде. Осы және көптеген мәселелер туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Камзолдаев Марат Болысбекұлы айтып өтті. Кездесу соңында колледж басшылығына «Адалдық алаңы» жұмысын жандандыру, қызметкерлер, оқытушылар және студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Share: