Негізгі конкурсқа қатысып, мемлекеттік білім беру грантына өтпеген талапкерлер үшін ақылы негізде өтініш қабылдау басталады.
Өтініш қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 11 тамыздан 27 тамызға дейін.
Құжаттарды қабылдау орны:
П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Қабылдау комиссиясы.
Мамандықтар:
* Музыка теориясы
* Хор дирижерлігі
* Академиялық вокал
* Эстрадалық вокал
* Эстрадалық аспаптар
* Халық аспаптары
* Дыбыс операторы
* Дәстүрлі ән
Толық ақпаратты колледждің Қабылдау комиссиясынан ала аласыздар.