Түлегіміз – халықаралық байқау жеңімпазы
Түлегіміз – халықаралық байқау жеңімпазы

Чайковский атындағы музыкалық колледждің түлегі Ақерке Амалят Беларусьтің Витебск қаласында өткен «Арт-парад в Витебске» VII халықаралық фестиваль-байқауында «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.
 
Ақерке 2017–2021 жылдары колледжімізде «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша білім алған. Студенттік шағында-ақ «Атамекен жұлдызы – 2019» халықаралық байқауының Гран-при иегері атанып, көптеген халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты болды.
 
Қазіргі таңда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4-курс студенті.
Түлегімізбен мақтанамыз! 

 

 

Share: