27 қараша күні П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде 3–4 курс студенттері арасында дирижёрлік және оркестр орындаушыларының конкурсы өтті
27 қараша күні П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде 3–4 курс студенттері арасында дирижёрлік және оркестр орындаушыларының конкурсы өтті

27 қараша күні П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде 3–4 курс студенттері арасында дирижёрлік және оркестр орындаушыларының конкурсы өтті. Сағат 10:00-де басталған байқау 15:00-де аяқталды.
 
Байқауға бірнеше оркестр түрлері қатысты:
• эстрадалық оркестр
• духовой оркестр
• қазақ халық оркестрі
• орыс халық оркестрі
• симфониялық оркестр
Студенттер өзара бақ сынасып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Байқауда барлық жанрдағы шығармалар орындалып, студенттер шынайы шеберліктерін көрсетті. Соның ішінде ерекше есте қалған шығармалар:
• Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» поэмасы
• Ықыластың «Жезкиік» туындысы
• Энтони Ньюлидің «Хорошие ощущения»
• Джеймс Хорнердің «Аватар» фильмінен саундтректер
 
Сонымен қатар басқа да студенттердің өнері көрермендердің есінде қалды. Әр қатысушы өз мүмкіндігін барынша көрсетті және байқаудың көркемдік деңгейін арттырды.
 
Байқау төрешілерінің еңбегі еленіп, оларға алғыс хаттар табысталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз!

 

 

 

 
 

 

 

 

Share: