П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Алатау» жастар хоры – «Eurasia Cantat 2025» халықаралық байқауының Гран-при иегері атанды!
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Алатау» жастар хоры – «Eurasia Cantat 2025» халықаралық байқауының Гран-при иегері атанды!

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Алатау» жастар хоры – «Eurasia Cantat 2025» халықаралық байқауының Гран-при иегері атанды!
 
1–4 мамыр күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен беделді «Eurasia Cantat 2025» Халықаралық хор орындаушылар байқауында Қазақстан намысын қорғаған «Алатау» жастар хоры байқаудың ең жоғары марапаты — ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алды!
 
Хор байқаудың үш түрлі аталымына қатысып, әрқайсысында алтын жүлдеге ие болды. Байқау күндерінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы «Алатау» жастар хорын фестивальдің ең үздік ұжымы деп танып, ГРАН-ПРИ жүлдесін табыстады. Сонымен қатар, хордың көркемдік жетекшісі және дирижёры Накибаева Зиада Нагиевна «Байқаудың үздік дирижёры» арнайы жүлдесіне ие болды — бұл оның кәсіби шеберлігі мен шығармашылық көзқарасының жоғары бағалануы.
 
Ұжым өз өнері арқылы жоғары орындаушылық деңгейін, сахна мәдениетін және ерекше хормен орындау стилін көрсете білді. Халықаралық қазылар алқасы хордың көркемдік әсерін, эмоциялық тереңдігін және кәсібилігін ерекше атап өтті. Ал көрермендер әрбір өнерін зор ықыласпен қабылдап, ұзақ қол шапалақтады.
 
Шын жүректен құттықтаймыз:
 • көркемдік жетекші және дирижёр — Накибаева Зиада Нагиевна
 • концертмейстер — Мурга Ирина Евгеньевна
 • хордың көмекшісі және иллюстраторы — Жұмақан Дәурен Ерікұлы
 • хормейстерлер — Назымбек Мусульманов пен Зарина Валиева.
 
Бұл жеңіс — бүкіл ұжымның бірлескен еңбегі мен өнерге деген адалдығының жемісі. «Алатау» жастар хоры хоровой өнердің сұлулығын, рухани тереңдігін әлемге паш етіп, Қазақстанның атын халықаралық сахнада асқақтатып келеді.
 
Жас орындаушыларға сенім білдіріп, қолдау көрсеткен демеушілерімізге алғысымыз шексіз!
 
 
 

Share: