Ермек Серкебаев атындағы концерт залында “Үрмелі және ұрмалы аспаптар” және “Академиялық ән салу” бөлімдерінің ұйымдастыруымен Жеңістің 80-жылдығына арналған концерті өтті

Бүгін колледжіміздің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында “Үрмелі және ұрмалы аспаптар” және “Академиялық ән салу” бөлімдерінің ұйымдастыруымен Жеңістің 80-жылдығына арналған концерті өтті.
 
Концертте: Үрмелі және ұрмалы аспаптар оркестрі
Дирижер-Г.Тихонов., халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары: Г.Сақышева., Б.Абитов., Т.Тілеуқабылов., Б.Еңкебаева және колледж студенттері өнер көрсетті.
 
9 мамыр Жеңіс күні мерекесі- бұл бабаларымыздың ерлігі мен батырлық даңқы айшықталған күн. Сондықтан да, ел басына күн туған сәтте туған жердің намысы үшін майданға аттанып, Отан үшін жанқиярлық ерлік көрсеткен жаужүрек қаһарман бабаларымыздың ерлігін естен шығаруға болмайды. 
 
Сол үшін де 9 мамыр күні - қайсарлықтың, қайтпас рух пен жалынды жігердің хас үлгісін көрсеткен барша соғыс және тыл ардагерлерінің алдында тағзым етуге тиіспіз.
 
 
 

Share: