Колледжіміздің 301 кабинетіне “Ішекті аспаптар” бөлімінде ұзақ жылдар қызмет атқарған ұлағатты ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі Александр Павлович Игнатенконың есімі берілді
Колледжіміздің 301 кабинетіне “Ішекті аспаптар” бөлімінде ұзақ жылдар қызмет атқарған ұлағатты ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі Александр Павлович Игнатенконың есімі берілді

Бүгін колледжіміздің 301 кабинетіне “Ішекті аспаптар” бөлімінде ұзақ жылдар қызмет атқарған ұлағатты ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі Александр Павлович Игнатенконың есімі берілді.
Салтанатты шарада колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев А.П.Игнатенконың есімі алтын әріппен жазылатыны сөзсіз екенін жеткізді.
А.П. Игнатенко 1985 жылдан Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде қызмет атқарды. Еліміздегі жетекші оқытушылардың бірі болды. Колледжде  35 жыл сабақ беріп, (1985 жылдан 2020 жылға дейін), оның ішінде соңғы 20 жыл бөлім меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды.  
Александр Павлович студенттермен және әріптестерімен қарым-қатынаста талапшыл, жауапты және адам болды. Колледжде жұмыс істеген жылдары бөлімнің кәсіби деңгейін жоғары ұстады. 
 
Оның түлектері Қазақстанның музыкалық жоғары оқу орындарында және шетелде оқуларын жалғастырып, оркестрлер мен оқу орындарына қызмет атқарғанын жеткізді.
Салтанатты шарада сондай-ақ колледж директорының оқу жұмыстар жөніндегі орынбасары, ҚР Мәдениет саласының үздігі Балпанова Гүлсара Сайдғалиқызы, әріптестері, отбасы мен шәкірттері жылы естеліктерімен бөлісті.
 
 

Share: