Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІІ Республикалық опера орындаушылар конкурсының ашылу салтанаты өтті
Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІІ Республикалық опера орындаушылар конкурсының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында Ескендір Хасанғалиев атындағы ІІІ Республикалық опера орындаушылар конкурсының ашылу салтанаты өтті.
 
Аталмыш конкурста еліміздің түкпір-түкпірінен  талантты өнерпаздар бақтарын сынайтын болады.
 
Колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Б.Е. барша қатысушыларға сәттілік, байрақты өнер бәйгесінде жеңіс тұғырынан көрінуіне тілек білдірді.
 
Салтанатты шараның құрметті қонақтары қатарында: «Хасанғалиев әлемі» мәдениетті қолдау қорының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі, композитор Ғ.Секеев;
 
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Құрманғазы атындағы ҚҰК құрметті профессоры,
“Алакөз” камералық хорының көркемдік жетекшісі және бас дирижері Т. Алагузов.
 
Қ.Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д. Бахаров;
 
О.Таңсықбаев атындағы АСҚӨКдиректоры З.Жумахметова;
 
А.Жұбанов атындағы атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Н. Әшіров, 
 
Сонымен қатар Құрманғазы атындағы ҚҰК оқытушылары, колледжіміздің ардагер ұстаздары болды.
 
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!
 
 

Share: