
Музыкалық мұраны сақтау мен жетілдіруге мүмкіндік беретін,
«Ұлы, Академиялық ән айту» өнері, жастар арасында кеңінен танымал. Осы
бағытта әлемдік деңгейде жоғары дәрежелі вокал байқаулары жиі өткізіліп
отырады. Олардың өз тарихы, дәстүрі, танымал лауреаттары бар.
1980 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алматы қаласында жыл сайын
To. Байсейітова атындағы Республикалық вокал орындаушыларының байқауы
өткізіліп отырған. Қазақ опера әншісі, To. Байсейітова сол жылдары «КСРО
халық әртісі» атағының ең жас иегері.
Ал осы жылдың наурыз айында Алматы қаласы П.Чайковский
атындағы музыкалық колледжі бұл байқау үрдісін сапалы және жаңа
шығармашылық бағытпен ұйымдастырмақ. Он төрт жылдық үзілістен кейін
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Елбасы –Қоры қолдауымен
өткізілетін бұл байқау ұйымдастырушылар үшін ғана емес, сонымен қатар
еліміздің мәдени өміріне, классикалық музыка саласындағы білім беру
жобасы ретінде өте маңызды.
Байқау 2019 year 1 – 4 наурыз аралығында Алматы қаласы П.
Чайковский атындағы музыкалық колледжінде өтеді. «Академиялық вокал»
номинациясы бойынша екі топта (жас аралығы): ең кіші топ – музыкалық
колледждер, жоғары оқу орындарының дайындық курстары; ең үлкен топ –
жоғары оқу орындары (1-4 course, магистранттар), филармония, опера
театрының солистері (32 жасқа дейін ) арасында өтеді. Қатысушыларды
Қазақстанның Мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған әділ -қазылар
алқасы бағалайды.
П.Чайковский атындағы музыкалық колледж сайтында https://music-
college.kz/ Күләш Байсейітова атындағы конкурсқа арналған, оның тарихы мен
даму болашағы көрсетілген сайт беттері ашық болады. Ұйымдастырушылар
байқау барысын Facebook, колледж сайты және YouTube арнасында тікелей
эфирде ұсынуды жоспарлап отыр. Осы арқылы, байқаудың ашылу
салтанатын, байқау нәтижелерін алғашқы күнінен көруге болады. Сондай-ақ
«Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясы бойынша жеңімпазды
таңдауға, яғни әр көрерменге өзіне ұнайтын қатысушыға дауыс беру
мүмкіндігі қарастырылған.
Байқаудың ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға арнап
байқау кезінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерілері
Гүлзат Даурбаевамен және Азамат Жылтыргөзовтың концерттік
бағдарламасын өткізбек. Бұл қатысушылар үшін үлкен тәжірибе болатыны
сөзсіз.
To. Байсейітова атындағы Республикалық вокалдық орындаушылар
байқауы Қазақстандағы жоғары дәрежелі музыкалық байқауының бірі
болады деп үміттенеміз. Себебі, жоғары және сапалы байқау нәтижесі жас
орындаушылардың кәсіби мансабы үшін өте маңызды.

Leave a Reply
You must be logged in to post a comment.