Жігер» домбырашылар ансамблі
Жігер» домбырашылар ансамблі 2010 жылы «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгісінің иегері Ракишева Қалдыгүл Бейсембайқызының бастамасымен құрылды.
Ансамбль 2013жылы Арменияда өткен халықаралық «Возрождение» атты конкурсында лауреат жүлдесіне ие болды.
2015жылы Fiestalonia Almaty халықаралық конкурсының лауреаты (I – орын).


2016 жылы Tokyo International «Musik Competition» халықаралық конкурсының лауреаты I –орын.
2013 жылы Ел басының жарлығымен Норвегия Корольдігінде тұңғыш рет Қазақстан елшілігі ашылып, елші тағайындауға байланысты өткізілетін салтанатты ресми рәсімде, Осло қаласындағы қазақ-норвег мәдени орталығының шақыртуымен «Жігер» домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.

Сонымен қатар, үлкен өнер ордалары Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармония залында, орталық мұражайда, өз өнерімен көрерменнің ықыласына ие болды.