Нұрсұлтан Назарбаев қорының 2021-2022 оқу жылына арналған өнер және мәдениет бағытындағы студенттік стипендиялар байқауының жеңімпаздары

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев қоры студенттер стипендиясының республикалық байқауының қорытындысын шығарды. Биыл байқауға Қазақстанның әр аймағынан 350 ден астам үміткер қатысты.  Бірақ олардың ішінен 80 студент ғана 2021-2022 оқу жылында стипендия иегері атанды. Бүгінгі төсбелгілер мен сертификаттарды тапсыру рәсімі пандемияға байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып онлайн режимде өткізілді.
Нұрсұлтан Назарбаев қорының 2021-2022 оқу жылына арналған өнер және мәдениет бағытындағы студенттік стипендиялар байқауының жеңімпаздары қатарында колледжіміздің студенттері: фортепиано бөлімінің 3курс студенті Әкежан Есжанов; Ішекті аспаптар бөлімінің студенті Амина Мустафаева, Академиялық ән салу бөлімінің студенті Анна Торосянды ерекше атап өткіміз келеді.
Сондай-ақ ел тәуелсіздігін алған жылдардан бастап жастарға үнемі қолдау жасап келе жатқан ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа, қор басшылығына, барша ұйымдастырушыларға, мәдениет кеңесінің төрағасы, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлына шексіз алғысымызды білдіреміз. “Болашақ жастардың қолында” демекші барша жеңімпаздарға жеңісті күндеріңіз көп болғай дегіміз келеді.

 

Be the first to comment

Leave a Reply