Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылыми кеңестің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» I Халықаралық жас ғалымдардың форумы басталды.

Қыркүйек айының 8 жұлдызында Алматы қаласында Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылыми кеңестің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» I Халықаралық жас ғалымдардың форумы басталды. Форумның алғашқы күні «Мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы өзара іс -қимыл – елдің инновациялық дамуының негізгі факторы» пленарлық сессиясының отырысынан бастады. Оның спикерлері: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов,
ҚР ҰҒА президенті Мұрат Журинов, Ресей Ғылым академиясының президенті Александр Сергеев, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы президиумының төрағасы Владимир Гусаков, басқарма төрағасы – ҚазҰАУ ректоры Тлектес Есполов, Freedom Finance холдингінің бас директоры Тимур Турлов, Нұрсұлтан Назарбаев қорының ғылыми кеңесінің төрағасы Ермек Тоқтаров, Н.Назарбаев қорындағы мәдениет кеңесінің төрағасы  Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы болды.
Сессия отырысында колледж директоры ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Б.Е. “Жас мәдениет қызметкерлеріне, ғалымдарға қолдау көрсетудегі Елбасы рөлі” туралы баяндама жасады. Баяндамада Н.Назарбаев қоры құрылғаннан бастап жас ғалымдар мен мәдениет қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдаулары, соның арқасында көптеген жастарымыз елімізде ғана емес, дүние жүзінде өз мүмкіндігін танытып жатқандығы турасында сөз қозғады. Сондай-ақ сөз соңында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап баяндамасын қорытындылады.

 

Be the first to comment

Leave a Reply