
2018 жылдың 29 қарашасы күні П. Чайковский атындағы Алматы
музыкалық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті –
Елбасының 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру
және талқылау бойынша кіші педагогикалық кеңес өтті. Мақала бойынша
баяндаманы директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Г.Б.
Рахымбаева жасады.
Мақалада Президент Қазақстанның тарихын зерттеуге және Қазақстанның
мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған үлкен алты жобаны жариялады. Бұл
өз кезегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы.
Осы тақырып қызметкерлер арасында үлкен қызығушылық танытты.
Расында да, Еліміздің әрбір азаматы білуге, мақтануға және қорғауға тиіс
Қазақстанымыз тарихи мұраға бай өлке.
Еліміздің жаңа бейнесін құру үшін Аға буындарымыз өте үлкен, тар жол
тайғақ кешуден өтті, сондықтан жастар Еліміздің тарихын білу, сақтау және
болашақ ұрпаққа жеткізу қажет.
Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылап
оқытушылар ұжымы шешім қабылдады:
– Мақаланы колледж студенттермен талқылау;
– Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының «Ұлы даланың жеті
қыры» мақаласының негізгі ережелерін алға жылжыту бойынша
ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспарын жасау.





Оставить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.