Home

Көктемдік көңіл күй

E-mail Печать PDF

«Көктемдік көңіл күй» Описание: C:\Users\User\Desktop\проведённые мероприятия 2016г\2016г. классный концерт\2016.классный концерт\2016г. классный концерт Серкебаева Весен.настр..jpg

Сәуірдің 20-ы күні «Жалпы фортепиа- но» бөлімінде колледжі- міздің белгілі ұстазы, білікті, ізденімпаз педаго гы - Гүлнар Хамидолла-қызы Серкебаеваның Класстық концерті өтті. Бұл концерттің аты «Көктемдік көңіл күй» деп аталды. Бұл бірінші концерт емес, жыл сайын Гүлнар Хамидоллақызы осындай іс шараларға белсенді қатысады. Өзінің алғырттылығы мен ұстаздық шеберлігімен, шығармашылық табыстарымен біздерді қуантады. Мен бұл ұстаздың еңбектерімен шығармашылығына қызыға қараймын.

Бұл сыныпта жас лауреаттар жоқ емес, А.Жұбанов, Л.Хамидидің, Е.Брусиловскийдің  туылғанына 110 -жыл толу мерейтойына орай Қазақстан Республикасы музыкалық колледждерінің түрлі мамандық студенттері үшін Бірінші ашық Республикалық  конкурсының жүлдегерлер, олар: Жұмағалиев Серік 1 курс Iорын  және 3 курс  Дюсетаева Саида II орын «Қазақ халық аспаптары» бөлімі, Нұрғазин Ахмет «Орыс халық аспаптары» - қазақ шығарманы ерекше ойнағаны үшін – Диплом. Концерт жүргізушісі 2 курс студенті – Өскенбай Тоғжан «Қазақ халық аспаптары»- қатысушы ретінде -.

Концертте кластан 18 студент қатысты. Концертте қатынасқан студенттер – музыкалық дайындығы жоқ студенттер, оған қарамастан студенттер менің ойымша әрбір музыкалық шығарманы сүйсініп ойнады. Гүлнар Хамидоллақызы студенттермен тамаша жұмыс жүргізіп, оларды фортепиано аспабында жақсы ойната біледі. Соның ішінде «Халық аспаптар» бөлімінің:

- «Қазақ халық аспаптары» - 1 курс: Жұмағалиев Серік,Қанапия Біржан, Оспанханова Диана, Егенберді Нұрсұлтан, Төлембай Есімхан; 2 курс: Өскенбай Тоғжан; 3 курс: Шонизорова Наргиз; 4 курс: Беренбаев Аусар;

-«Ұйғыр халық аспаптары» - 1 курс: Данахун Құрванжан, Тұрғанжанов Реимжан; 3 курс: Лохманов Икрамжан, Тұрғанов Теиіпжан;

Орыс халық аспаптары» - 2 курс:Ералы Майра, Хусаинова Алина, Нұрғазин Ахмет; 3 курс: Нарбұтаев Асан;

-«Дыбысоператорлар» бөлімінен 3 студенттер: Оқасов Жандос, Әріппай Арман ждәне Қайырқожа Архат;

Әрбір студенттердің орындағандары мен аттары менің есімде қалды.

Бұл концертте жаңадан қадам басқан бірінші курс студенттері өздерінің шағын ғана шығармаларын әр түрлі стиль мен жанрларда ойнады. Мен «Қазақ ұлт аспаптар» бөлімінің ұстазы ретінде студенттерді мұқият тыңдадым, қыркүйек айынан келген студенттердің музыкалық сауаты болмаса да, фортепиано аспабымен енді танысып жатса да өте жоғарғы деңгейде ойнады. Мен бұл жаңадан қадам басқан студенттердің ойынына риза болып, шын жүректен қуандым. Бұл концертте студенттер үлкен жауыпкершілікпен қатысты. Гүлнар апай шығармаларды зор талғампаздықпен, үлкен  ізденімпаздықпен алған. Сол себеппен, студенттер аса қызығушылықпен фортепианода ойнады. Сондай-ақ, концертте әр шығармаға слайдтар болды. Түрлі мультфильмдерден, кинофильмдерден, би концерттерінен алынған. Бұның өзі көп ізденушілікті және де уақытты талап етеді. Слайдтар музыкамен дәл сәйкес келген. 18 студентті ойнету оңай шаруа емес, бұған үлкен тәртіп және де көп еңбек керек. Гүлнар апайымыздың қолынан осының бәрі келеді екен. Описание: C:\Users\User\Desktop\проведённые мероприятия 2016г\2016г. классный концерт\2016.классный концерт\2016г.фото классного концерта.JPG

Концерттің соңында, 2 курс студенті Иринёв Сергей –халықаралық конкурстардың лауреаты, Гүлнар апай Жорж Гарваренцтің «Мәңгілік махаббат» атты атақты музыкалық шығармасын көрерменге тарту етті. Апай фортепианода жақсы орындаушы екенін дәлелдеді. Өкінішке орай, бұл концерт 508 сыныпта өтті, камералық залда өтсе тыңдармандар көбірек болушы еді.

Гүлнар Хамидоллақызына шығармашылық табыстар, қиын да қызықты ұстаздық жолда – талмас талап, қажымас қайрат және де дарынды шәкірттер көп болсын деп тілек тілейміз!

«Қазақ халық аспаптар»бөлімінің

Колледж ұстазы Аманжол Г.С.

20.04.2016ж.

 

Кто на сайте

Сейчас 117 гостей онлайн