Home Отделения ПЦК Отделение казахских народных инструментов

Отделение казахских народных инструментов

E-mail Печать PDF

Фотогалерея

1932 жылы Алматы қаласында Музыкалық драма техникумы ашыла салысымен қазақ тарихында алғаш рет халық аспаптарындағы орындаушылық өнер кәсіби мамандық ретінде арнайы оқытыла бастады. Алғашқы ұстаздар қатарында А.Жұбанов, Л.Мұхитов, З.Мұхитова, Х.Тастанов, Г.Баязитова, Д.Ботбаев, П.Момынов, Д.Тезекбаевтар сынды әйгілі өнер қайраткерлері болса, сәл кейіннен олардың қатарын С.Ажиева, П.Кан, З.Бейсенбаева тәрізді мамандар толықтырды.

Еліміздегі ең алғашқы музыкалық оқу орны болған, кейіннен П.Чайковский атындағы музыкалық колледж атанған осы мекеменің халық аспаптары бөлімінде домбырашылар мен қобызшылар, баяншылар мен аккордионшылар т.б. халық аспаптарында орындаушылар арнайы білімді мамандар ретінде тұңғыш рет дайындала бастаған.

Қазақ халық аспаптары бөлімінің жеке ашылып, қалыптасып өсуіне, ұлттық аспаптардағы мамандықтардың өркен жаюына Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері – М.Қойшыбаев, Ж.Рсалдин, Ж.Темірғалиевтар, ҚазССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері – Р.Нұрпейісова, ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртістері – П.Кан, Г.Ізтілеуова және елімізге белгілі әдіскер ұстаздар Т.Бәділов, Н.Сұлтанов, Ө.Хамзаұлы, Н.Жүсіпова, О.Жауыров сынды т.б. көрнекті өнер қайраткерлері аса зор еңбек сіңірді.

Сонымен қатар, бөлімдегі дәстүрлі күйшілік өнерді оқыту жұмысының жоғары деңгейдегі кәсіби бағыт алуына Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, профессор – Қ.Мұхитов, ҚР халық артисі, профессор –  Қ.Ахмедияров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор – А.Жайымов, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, профессор - А.Тоқтағанов сынды қазақтың белгілі күйші-ғалымдары да елеулі үлес қосты. Бөлім түлектері, бүгінде Республикамыздың көрнекті мәдениет қайраткерлері педагогика ғылымдарының докторы, профессор – Т.Қышқашбаевты, Қазақстанның халық артисі – Т.Шамеловты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері профессор – Б.Ысқақовты, ҚР еңбек сіңірген артистері – А.Үлкенбаеваны, Ж.Нұржауовты, Б.Темірәлиевті, Г.Даукенованы, белгілі дирижер, Г.Қабашеваны, ҚР мәдениет қайраткері, доцент М.Әбуғазыны, ҚР Мәдениет қайраткері, Астана халық аспаптары оркестрінің дирижеры Н. Бекеновты, халықаралық конкурстардың лауреаттары О. Сүлейменов пен С. Құдайбергенованы осы бөлімде білім алған ҚР оқу ісінің үздіктері Г.Құрымбаеваны, Ө.Жүсіповты, ҚР мәдениет қайраткерлері С.Қашағановты, Д.Шаштайұлын т.б. әйгілі өнер иелерін әрдайым мақтан тұтамыз.

Бөлімнің ұстаздары

Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR88.088\IMG-20161222-WA0050.jpg

Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR36.088\IMG-20161222-WA0040.jpgОписание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR47.752\IMG-20161222-WA0049.jpg

Колледж директоры Б.Е.Хасанғалиев оқытушы Қ.Асылбекұлына Мәдениет саласының үздігі белгісін табыстауда

Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR30.824\IMG-20161222-WA0044.jpg

Сол жақта Ж:Бегендиков,С.Ақбасов,М.Сейітжанова Ш.Асқаров, Ө.Хамзаұлы

Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR12.184\IMG-20161222-WA0046.jpg

Оң жақта А.Ақбаева, Ә.Аюпханова, А.Нұрасилова, Г.Қожамқұлова, Ж.Дүйсенбаева, Л.Ченемисова

Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR58.888\IMG-20161222-WA0038.jpg

Описание: C:\Users\Offis -S\Desktop\IMG-20161230-WA0003.jpg Описание: C:\Users\OFFIS-~1\AppData\Local\Temp\Rar$DRa0.001\IMG_7309.JPG

Описание: C:\Users\OFFIS-~1\AppData\Local\Temp\Rar$DRa0.865\IMG_7312.JPG

Описание: C:\Users\OFFIS-~1\AppData\Local\Temp\Rar$DRa0.922\IMG_7297.JPG

Халық аспаптары бөлімінің лауреаттары

И.Жандашова оқытушысы Г.Қожамқұлова

Ташкент қаласында өткен халықаралық конкурстың 1 орын иегері

Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR13.104\IMG-20161226-WA0007.jpg

А.Тұрғанов оқытушысы Р.Қадышева

Шабыт фестивалінің Гран при иегері

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\Screenshot_20161226-104116.jpg

Б.Бексұлтан оқытушысы Ш.Асқаров

Мәскеуде өткен халықаралық конкурстың 3 орын иегері

Описание: C:\Users\Offis -S\Desktop\Screenshot_20161228-171819.jpg

Айдын Рәния оқытушысы Ізмұратова Зәмзәгүл

«Шабыт» фестивалінің және Ташкент қаласында өткен халықаралық конкурстың лауреаты

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\image-28-12-17-09-53.jpeg

Мұрат Санжар республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты

Оқытушысы Асанова Айгүл

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\Screenshot_20161230-103037.png

Қалмен Назерке республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты

Оқытушысы Аюпханова Әдемі

Описание: C:\Users\Offis -S\Desktop\Screenshot_20161230-103752.jpg

Ильмурадов Самат – республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры стипендиясының иегері

Оқытушысы Ералиев Т.

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG-20170104-WA0018.jpg

Мамбетова Райхан халық аспаптары бөлімінің түлегі – «Асыл» тобының мүшесі

Оқытушысы Сүйінтаева М.

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\Screenshot_20170105-163439.jpg

Жаменкеев Ержан халық аспаптары бөлімінің түлегі – «Хассақ» тобының мүшесі әрі жетекшісі

Оқытушысы Нурасилова А.

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\Screenshot_20170105-164100.jpg

Халық аспаптары бөлімінің түлектері

Сол жақта Бекмуханбетов Б.-домбыра, Алиев Е. – жетіген, оң жақта Арықбаев А - даңғыра.

«Тұран» тобы

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\Screenshot_20170105-163800.jpg

Құдабаева Әкежан халықаралық конкурстардың лауреаты

Оқытушысы Қожамқұлова Г.

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\Screenshot_20170105-163343.jpg

Орысбаева Әсем халықаралық конкурстың лауреаты

Оқытушысы Сүйінтаева М.

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\Screenshot_20170105-163124.jpg

Орманова Мөлдір халықаралық конкурстардың лауреаты

Оқытушысы Ченемисова Л.Т.

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG-20170107-WA0013.jpg

А.Жұбанов атындағы студенттік халық аспаптар оркестрі

Көркемдік жетекшісі Асқаров Шынарбек Асқарұлы

Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR79.496\IMG-20161222-WA0039.jpg

Описание: C:\Users\User\Desktop\15.12.14 005.jpg

«Шалқыма» ансамблі

Көркемдік жетекшісі - Ізмұратова Зәмзәгүл Шәріпқызы

Костюмдер колледж директоры Б.Е.Хасанғалиұлының қолдауымен тікітірілген

Описание: C:\Users\User\Desktop\2015-2016 у.г\IMG-20160415-WA0012.jpg

«Шалқыма» ансамблінің жеке концертінен

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG_0219.JPG

Қобызшылар ансамблі

Көркемдік жетекшісі - Ченемисова Лаула Табысбековна

Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR20.488\20161215_114634.jpg

Описание: F:\армения\IMG_0160.JPG

«Vivo» ансамблі

Көркемдік жетекшісі - Ибраимов Омар

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG-20161226-WA0004.jpg

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\image005.jpg

«Жігер» ансамблі

Көркемдік жетекшісі - Ракишева Қалдыгүл Бейсенқызы

Описание: F:\ФОТО День учителя\Изображение 006.jpg

Описание: C:\Users\Offis -S\Desktop\Screenshot_20161230-102909.png

Домбырашылар ансамблі

Көркемдік жетекшісі - Омар Ибраимов

Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR26.592\IMG-20161226-WA0016.jpg

«Достлуг» ұйғыр халық аспаптар ансамблі

Көркемдік жетекшісі - Манашов Сабыржан

Костюмдер және аспаптар колледж директорының қолдауымен сатып алынып тіктірілгенОписание: C:\Users\User\Desktop\IMG_6222 (2).JPG

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\саят акбасов\IMG_6781.JPGАқбасов Саят Қырғызбайұлы –Қазақ халық аспаптары пәндік-циклдік комиссиясының төрағасы. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты.

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің түлегі, жоғары білімін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында жалғастырған. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Президент стипендиясының иегері. Қазақтың дәстүрлі мәдениетін насихаттауда өз үлесін қосуда. Атап айтсақ Түркия, Германия, Франция, Ресей және Өзбекстан елдерінде болды. Концерттер барысында өзінің ұйымдастыру қабілетін көрсетіп, жетекшілік қасиеттерімен көзге түсті.Ұйымдастыру және жетекшілік жұмыстарға белсене араласады. Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Қазақтың 100 күйі» және «Сегіз қырлы», Хабар телеарнасында «Алтыбақан», Қазақ радиосында «Нар идірген» бағдарламаларына қатысып, дәстүрлі күй өнерін насихаттады. Шәкірттері Республикалық, халықаралық конкурстарды жүлделі орындардан көрінуде.


Описание: C:\Users\User 222\Desktop\Screenshot_20170108-112124.jpgЧенемисова Лаула Табысбекқызы

Қазақ халық аспаптары пәндік-циклдік комиссиясы төрағасының орынбасары, халық аспаптары бөлімінің инспекторы. Педагогикалық ғылымдар магистрі. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты.

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің түлегі. Жоғары білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда жалғастырды. Колледж қабырғасында құрылған қобызшылар ансамблінің жетекшісі. «Інжу-маржан» фольклорлық эстрадалық тобының солисті. «Ақбосаға» республикалық газетінің штаттан тыс тілшісі. Студенттері және «Қобызшылар ансамблі» республикалық және халықаралық конкурстардың жүлделі орындарын иеленуде. Колледж қабырғасында өтілетін қоғамдық жұмыстар мен мерекелік іс-шараларға белсене араласады.


Описание: C:\Users\User\Desktop\гроолллд\IMG-20151223-WA0003.jpgБіләл Алпанұлы Ысқақов ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор

П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесін талантты ұстаз Тілеш Бәділовтен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын белгілі күйші-композитор Айтқали Жайымовтан үздік бітірген. Сонымен қатар ол - Ұлы күйші Тәттімбеттің немересі Шайхыдан, дәулескер күйшілер Төлеген Момбеков, Мағауия Хамзин, Нұрғиса Тілендиевтердің өз  қолдарынан күй үйреніп,   дәстүрлі күйшілік шеберліктің табиғи үрдістерін жетік меңгерген өнер иесі. Халықаралық, республикалық өнер бәйгелерінде топ жарған отыздан астам лауреат–шәкірттерді даярлаған ұлағатты ұстаз.«Домбыра үйрену мектебі», «Салтанат», «Музыка оқулығы», «Музыка хрестоматиясы», «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы», «Домбыраны тез үйрену тәсілі», «Музыка оқыту әдістемесі», «Домбыра мамандық пәніне арналған әдістемелік нұсқау», «Сарыарқа саздары», «Алтай - Тарбағатай өңірінің домбыра күйлері» атты т.б. қырықтан астам оқу - әдістемелік еңбектерді баспадан шығарған. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойыншадаярланған «Қазақ музыкасының антологиясы» атты іргелі еңбектің  авторларының бірі.


Описание: DSC_0193Хамзаұлы Өтепберген

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры.

1997 жылдан бері Алматы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжінде ұстаздық қызмет етеді. Домбыра примаға арналған пьесалар жинағы, «Шертер үйрену мектебі» атты еңбектері жарық көрген. Отыздан аса халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттарын даярлаған. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

 


Описание: 585888Бегендіков Жалғасбек

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, доцент, Шамғон Қажығалиев атындағы 1-ші республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты

Жоғары кәсіби дирижер ретінде қайталанбас қол таңбасы бар. Ішкі мәдениеті, көркімен келбеті үлесіп, көпшіліктің көңілінен, жұртшылықтың жүрегінен терең орын алған маман. 1998-2005 жылдары Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік Академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің бас дирижері болса, 2010 жылдан бастап Құрманғазы атындағы мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері қызметін атқарған. Қазіргі таңда П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ұлағатты ұстаз қызметімен бірге дирижерлікті де қатар алып келеді.


Описание: DSC_0213Сейітжанова Мұстахима

ҚР білім біру ісінің үздігі.

Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияны қобыз мамандығы бойынша ҚР Халық әртісі,профессор Ф.Ж. Балғаеваның класынан және дирижерлау мамандығынан ҚР еңбек сіңірген қайраткері профессор Османов Т.С класынан бітірген.

М.Сейітжанова халық аспаптар оркестіріне арнап көптеген шығармаларды өңдеп,аспаптады. Сейітжанова М. Бірнеше рет ҚР Білім және Ғылым Министірлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. М.Сейітжанова жас буын мамандарды тәрбиелеуде жалықпай еңбек етуде.


Описание: C:\Users\User-1\Desktop\ФОТОЛАР\DSC_0189.JPGАсқаров Шынарбек Асқарұлы

«ҚазССР халық ағарту ісінің үздік  қызметкері», КСРО Мәдениет министрлігінің  «Озық қызметі үшін» белгімен марапатталды,, ҚР «Мәдениет қайраткері», «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісінің иегері

1992 жылдан П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледжде қызмет етуде. 1994 -2010 жылдар аралығында халықаспаптар бөлімінің меңгерушісі болды. 1995 жылдан колледждің халық аспаптар оркестрін басқаруда.Ұстаз-профессор Б.А. Ысқақовпен  бірігіп домбыра мамандығына арналған бағдарлама жазды. Бірнеше халықаралық  және республикалық конкурстардың лауреаттарын даярлаған. .

«Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған. Көптеген министрліктердің, оқу департаменттерінің мақтау грамоталарына ие болды.Ш.Асқаровтан дәріс алған студенттер уақыт талабына сәйкес сұранысы мол маман иелері.


Описание: C:\Users\User\Desktop\ҚАЛДЫГҮЛ АПАЙ\IMG_0748.JPG

Рақышева ҚалдыгүлБейсенбайқызы

«ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісінің иегері

Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын аяқтаған. 1983 жылы арнайы жолдамамен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне домбыра класы бойынша оқытушылық қызметке келді. Осы бөлімде 30 жылдай еңбек етіп келеді. Кәсіби деңгейі жоғары, білікті ұстаз.Шәкірттері республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары.«Жігер» домбырашылар квартетін құрып, үлкен сахналарда биік өнер көрсетті. Класында дәріс алған оқушылары бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде музыкалық өнерде, білім беру ісінде еңбек сіңіріп жүрген  танымал мамандар. Рақышева Қ.Б – бірнеше рет ҚР Білім және ғылым, мәдениет министрліктерінің, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының, қалалық, аудан әкімшіліктерінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, оқытушылық қызметтегі жетістіктері үшін 2000 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен 2004 ж. «Ы.Алтынсарин белгісімен марапатталды.


Описание: G:\Кадышева Р.JPGҚадышева Роза Бисенқызы

Жоғары білікті ұстаз

1997 жылдан бастап П.Чайковский атындағы музыкалық колледжінде қызмет атқарып келеді Р.Б.Қадышева – өз ісін жетік білетін,студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, сапалы білім беретін тәжірибелі маман. Тәлім алған студенттері республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары. Қазақстан Ғылым және Білім Министірлігінің, Құрманғазы атындағы Консерваторияның, колледждің құрмет грамоталарымен және ҚР Мәдениет және спорт министрі грамотасымен марапатталған.

 


Описание: DSC_0222Асылбекұлы Қаныбек

Мәдениет саласының үздігі

1995 жылдан бастап П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжінде ұстаздық етіп келеді. Әр 2 жыл сайын болып тұратын Республикалық конкурстарға оқушылар дайындап лауреаттық орындарға ие болып келеді.

Колледжде мамандықпен қоса фольклорлық ансамблге жетекшілік еткен. 2010-12 жылдары бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.


Описание: C:\Users\User-1\Desktop\ФОТОЛАР\DSC_0201.JPG

Сейсенбекқызы Раушан

Жоғары білікті ұстаз

1988 жылдан П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінде оқытушы болып қызмет атқарады. Жұмыс барысында әдістемелік оқу бағдарламаларын жазды. Біліктілігін жоғарлату мақсатында халықаралық денгейде өткізілген мастер – кластарға қатысып, сертификаттар алды.

ҚР білім және ғылым Министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған.


Описание: DSC_0230Көшеров Тұрсынбай Базарбайұлы

Жоғары білікті ұстаз

1982 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1982 жылы Қызылорда музыкалық училищесінде ұстаздық қызмет жасады. Осы жылдар ішінде көптеген оқушылары жоғарғы оқу орындарын бітіріп мамандық бойынша жұмыс жасауда. 1994 жылдан бері П.Чайковский атындағы музыкалық колледже ұстаздық қызмет жасап келеді. Осы жылдар ішінде оқушылары үздік бағамен бітіріп, Қазастан облыстарында жұмыс жасап келеді.


Описание: DSC_0209Сүйінтаева Майра Қабдешқызы

Жоғары білікті ұстаз

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын 1988 жылы бітірді. 1986-1988 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінде жұмыс жасады.

1988-1993 жылдары Қызылорда музыкалық училищесінде мұғалімдік қызмет атқарады.

1993 жылдан П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінде ұстаздық жолын жалғастырып келеді. Көптеген шәкірттері консерваторияға, өнер университетіне, педагогикалық университеттерге түсіп оқуларын жалғастыруда.Республикалық конкурстарда, олимпиадаларда лауреат, дипломанттар атанған шәкірттері бар.

Алматы қаласы әкімінің, мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR13.104\IMG-20161226-WA0007.jpgҚожамқұлова Гүлайым Әкімханқызы

Жоғары білікті ұстаз

П.Чайковский Алматы музыкалық колледжін Ғ.Б.Әділбаева класынан қобыз аспапбы бойынша үздік дипломмен аяқтады. Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын бітірген соң, музыкалық колледжге арнайы жолдамамен қобыз класының оқытушысы болып қызметке келді. Еңбек еткен жылдары колледждің және бөлімнің жұмысына белесене араласты. Әр түрлі дәрежедегі бірнеше конкурстарға шәкірт дайындап лауреат және дипломант атанды. Гүлайым Әкімханқызы бірнеше пәннен бағдарламалар жазды, ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысты. ҚР Білім және ғылым министрлігінің, колледж әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталған. Ізденімпаз, білікті маман.


Описание: C:\Users\User\Desktop\АРДАҚ\IMG_0800.JPGНұрасылова Ардақ Бейбітжанқызы

Жоғары білікті ұстаз

1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының, халық аспаптары факультетін домбыра мамандығы бойынша, профессор Б.А.Ысқақовтың класынан аяқтады. Сол жылы Алматы П.Чайковский атындағы музыкалық колледжінде оқытушылық еңбегін бастады. Жұмыс істеген жылдары колледждің оқу-тәрбиелік, концерттік – шығармашылық, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Көп жылдан бері бөлімінің педагогикалық практика секторын басқарып келеді. Бірнеше пәндер бойынша бағдарламалар жазды. Класынан дәріс алған оқушылар қалалық, республикалық конкурстар лауреаттары және дипломанттары. ҚР Білім және ғылым министрлігінің, аудан және колледж әкімшіліктерінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, марапатталған.


Описание: DSC_0221

Ақбаева Айман Әбілғазықызы

Жоғары білікті ұстаз

Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінде, «Салтанат» мемлекеттік ән-би ансамблінде, Н.Тілендиев атындағы фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінде қызметте болған. 1997-2002 жылдары Алматы облыстық Сүйінбай атындағы «филармониясында «Сазген» және «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерінде жеке орындаушы қызметін атқарған.

1997 жылы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжіне жұмысқа қабылданып,бүгінгі күндерге дейін «домбыра-тенордан» ұстаздық қызмет атқаруда.

Колледж қабырғасында ұстаз бола жүріп, 2000 жылы Атырауда өткен «Бұлбұл домбыра» атты «Дина Нүрпейісова» атындағы қыз-келіншектер байқауында жүлдегер атанған.


Описание: G:\111111\20120921_145313.jpgҚұдайбергенова Салтанат Аскенқызы

Жоғары білікті ұстаз

1983 жылы А.Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектеп-интернатына түсіп,1994 жылы П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесіне ауысып,1995 жылы үздік бітіріп шықты.Сол жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияға емтихансыз қабылданып, 2000 жылы тәмамдады. 2005-2008 ж.ж аралығында аталмыш білім ордасының ассистантура-стажировкасы бойынша аспирантурасын бітірген. 2000 жылдан бастап П.Чайковский атындағы музыкалық колледжі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық пен қатар жеке орындаушы ретінде танымал жас маман. Оқу және жұмыс жылдар кезеңінде көптеген әр түрлі деңгейдегі халықаралық және республикалық конкурстарға қатысып лауреат атанды. Шәкірттері республикалық сайыстар мен Олимпиада лауреаттары. Ұстаздық қызметтен тыс қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқаны үшін арнайы алғыс хат, Құрмет грамоталарымен марапатталды.


Описание: DSC_0223Ералиев Темірбек Асқарұлы

1980 жылы Алматы музыка училищесіне оқуға түсіп, аталған училищені 1984 жылы бітіріп, Осы жылы Алматы Мемлекеттік Консерваториясына оқуға түсті. 1985-1987 жылдары Совет армиясының қатарында отандық борышын атқарды. 1991 жылы консерваторияны «Кобыз-контрабас» және «Дирижер» мамандықтары бойынша бітіріп шықты. 1990 жылы Талдықорған М.Төлебаев атындағы облыстық филармониясында қызметте болды.

1999-2002 жылдары Алматы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияда «Адырна» фольклорлық ансамблінде жұмыс жасаған.

2000 жылдан бері П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде ұстаз ретінде қызмет жасап келеді. ҚР мәдениет министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің, колледж және кәсіподақ қоғамының алғыс хаттары, грамоталарына ие болған.


Описание: DSC_0217

Чимбаева Сажида Мендбеллақызы

1991 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.

1991-жылы М. Төлебаев атындағы Талдықорған облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінде, 1993-жылдан К.Байсейітов атындағы музыкалық колледжінде жұмыс істеді.1999-жылдан П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде ұстаздық қызмет атқарады. Біліктілігін жоғарлату мақсатында мастер-кластарға қатысып, сертификаттар алған.Қала әкімшілігі, колледж , музыкалық мектептер, филармония тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталған.


Описание: C:\Users\Offis -S\Downloads\IMG-20161230-WA0008.jpgМанашов Сабыржан

1997 жылы Алматы қаласы П.Чайковский атындағы музыка училищесіне Халық аспаптар бөліміне равап мамандығына оқуға түсіп, 2001ж бітірген.

2001 жылы Алматы қаласындағы № 153 А.Розыбақиев атындағы гимназияда, 2003 жылдан музыка колледжінде равап, тамбир аспаптарынан сабақ беруде.2010 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бас-домбыра мамандығынан бітірген.

Осы мерзімде, колледжді бітірген көптеген түлектері Алматы, Жаркент қалаларында, Енбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарында, балалар музыка мектебінде және басқада музыкалық ұжымдарда қызмет атқарады.Ұйғыр халық аспаптары «Достлуг» ансамблінің көркемдік жетекшісі.


Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR16.696\IMG-20161226-WA0008.jpg

Асанова Айгүл Файзуллақызы

Қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы Консерваториясының қыл қобыз класын бітірді. Фольклорлық-этнографиялық «Отырар-сазы» оркестрінде жұмыс істеді. 2006 жылдан осы кезге дейін, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Халық аспаптары» пәндік цикл комиссиясында қыл қобыз аспабынан сабақ береді. І-ші Республикалық интегралды ашық сабаққа, халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясына қатысты. Республикалық конкурстарға, олимпиадаларға лауреаттар, дипломанттар дайындады. Оқу-әдістемелік, концерттік-шығармашылық шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

 


Описание: C:\Users\User\Desktop\Адеми\IMG_0771.JPGАюпханова Әдемі Аюпханқызы

Кәсіби деңгейі жоғары маман.

Алматы П.Чайковский атындағы музыкалық колледжінің. түлегі. Халық аспаптары бөлімін Ғ.Б.Әділбаеваның, Қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы Консерваториясын С. Мансұровтың класынан альт қобыздан бітірген. 2004 жылдан осы кезге дейін, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Халық аспаптары» пәндік цикл комиссиясында оқытушысы. Республикалық конкурстарға, олимпиадаларға лауреаттар, дипломанттар дайындады. Бөлімде кураторлық жұмыс атқарып келеді. Колледжде өткізіліп отыратын шығармашылық, әдістемелік, қоғамдық іс шараларға белсене араласады.


Описание: C:\Users\User\Desktop\БІРЖАН АЛИЕВ\биржан.jpgӘлиев Біржан Нұрәділұлы

Кәсіби деңгейі жоғары маман.

Алматы П. Чайковский атындағы музыкалық колледжінің түлегі.  Халық аспаптары бөлімін домбыра аспабы бойынша аяқтаған. Республикалық жас орындаушылар конкурсының лауреаты. Қазақ Ұлттық Құрманғазы атындағы консерваториясының халық музыкасы факультетін бітірген. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрінде қосымша қызмет атқарады., П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Халық аспаптары» пәндік цикл комиссиясында домбырадан сабақ береді.


Описание: DSC_0212Аманжол Гүлжан Сабырқызы

Кәсіби деңгейі жоғары маман.

1991 жылы Атырау музыкалық колледжі, 2001 жылы Құрманғазы атындағы ҚҰК қобыз прима аспабынан оқып бітірді. «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінде жетігенші, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінде қобызшы болып қызмет істеді. Қобыз аспабына, ансамбльге (трио) арнап шығармалар жазып, өңдеу жасады. Корольдік симфониялық филармониялық оркестрінің скрипка тобының концертмейстері Филиппа Мо «Ояну» атты шығармасын екі скрипкаға өңдеп орындады. Дели қаласында үнді дәстүрлі музыканттарымен, композитор Бақтияр Аманжолмен бірігіп СD жазды. 2011 жылдан П. Чайковский атындағы колледжде, «Халық аспаптары» ПЦК – да қобыз прима аспабы оқытушысы. Шығармашыл, ізденімпаз маман.


Описание: C:\Users\User\Desktop\IMG-20150316-WA0001.jpgІзмұратова Зәмзәгүл Шәріпқызы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, ҚР мәдениет қайраткері

Доцент З.Ш.Ізмұратова 1983 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның домбыра кафедрасына домбыра - прима мамандығы бойынша оқуға қабылданып, осы оқу орынын 1988 жылы  бітіріп, Алматы облыстық филармониясына халқымызға белгілі «Адырна», «Сазген» ансамбльдеріне шертерші қызметіне қабылданды. З.Ш.Ізмұратова ғылыми жұмыстармен де шұғылданып,  шертер аспабының алғашқы орындаушысы ретінде аспапқа арнап «Шертердегі орындаушылық өнер» 1999жыл, «Шертер үйрену мектебі» 2009жыл, «Шертер мен домбыра примаға арналған хрестоматия» (I-II том) 2016 жыл еңбектерін жарыққа шығарды. 2000-2001 оқу жылында халық аспаптар факультетінің жанынан З.Ш.Ізмұратова «Сарын» фольклорлық ансамблін құрды,      2013-2014 оқу жылында П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжіне қызметке шақырылып, осы жылы «Шалқыма» фольклорлық ансамблін құрды, ансамбль «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Болат Сарыбаев атындағы арнайы сыйлықтың иегері, Арменияда өткен Халықаралық «Возрождение» фестивалінің лауреаты (Iорын).


Описание: C:\Users\USER22~1\AppData\Local\Temp\Rar$DR67.296\IMG-20161228-WA0001.jpg

Рузденова Айгүл Бексауытқызы

Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Педагогикалық ғылымдар магистрі

1990 ж. Шымкент музыка училищесінің домбыра класынан бітіріп, жоғары білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында майталман күйші Қаршыға Ахмедияровтың класында жалғастырды.Ұстаздық қызметін Оңт.Қазақстан саз колледжінен бастап көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Шәкірттері республикалық конкурстардың лауреаттары.Қазіргі кезде П.Чайковски атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы.

 

 

 

 


Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG-20161229-WA0003.jpgНұргүл Жақыпбек

Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Педагогикалық ғылымдар магистрі

1980ж. Ақтөбе қаласының музыкалық училищесін бітіріп жоғары білімін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде жалғастырды. Сазген ансамблінде қызмет етеді, Ж.Елебеков атындағы эстрадалық цирк колледжінде, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушылық қызмет атқарады. Қазіргі таңда жетіген аспабынан көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Жеке орындаушылықпен үлкен сахналарда өнер көрсетуде.

 


Описание: E:\F80A8347.JPGДалбағай Гүльфайруз Есімханқызы

Мәдениет саласының үздігі, өнертану магистрі

П.И.Чайковский атындағы арнайы орта музыка білім беретін Алматы музыкалық училищесін флейта класынан (1983 ж.), Қазақтың қыздар педагогикалық институтын Музыка мамандығы бойынша оқып бітірді (1997 ж.) және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистратурасын (2014 ж.) өнертану магистрі бойынша аяқтады. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы Гүльфайруз Далбағай сазсырнай аспабында алғашқы орындаушылардың бірі, Республикада осы фольклорлық аспапта орындаушылар мектебінің бастау көзінде тұрған музыкант-ұстаз.

Ұстаздық еткен кезең аралығында сазсырнай класы бойынша әр жылдары студент шәкірттері халықаралық, республикалық және қалалық «Дәстүрлі музыка өнері», «Мәңгілік –Сарын», «Шабыт» атты конкурс, фестивальдердің бас жүлделерін иеленіп жеңімпаз атанды. Шәкірттері бүгінгі таңда кең байтақ Казақстанның барша өңірінде құрылған ұлт аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінде еңбек етеді.

Атқарылған еңбегі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10-жыл» мерейтойлық медалімен (2001ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мақтау грамотасымен (2010 ж.) және Алғыс хатымен (2011), Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» (2014) төсбелгісімен марапатталды.


Описание: C:\Users\Offis -S\Desktop\фото семья 279.jpgБалпанова Гүлсара

Жоғары білікті ұстаз, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Педагогикалық ғылымдар магистрі

1989-1993 жылдары Чайковский атындағы Павлодар музыка колледжін оқып6 жо5ары блімін Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваторияны қызыл дипломға үздік бітірген. 1996-1997ж. Композитор, дирижер және халық әртісі Н.Тлендиевтің жетекшігіндегі фольклорлық этнографиялық «Отрар сазы» оркестрінің әртісі. 1998 жылы Павлодар музыка колледжінің директоры В.П.Денисенконың шақыруымен музыкалық колледжге қобыз аспабының мұғалімі ретінде жұмысқа орналасады. 1999 жылдан бастап Балпанова Г.С. қазақ халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2003 ж. Акимнің бірінші премиясымен марапатталып, «2003- жыл орындаушысы» атағына ие болды. Көптеген  республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Тәрбиелеген шәкірттері жүлделі орынға ие болған. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін алғыс хаттармен марапатталған.


Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG-20161229-WA0028.jpg

Дүйсенбаева Жазира

Жоғары білікті ұстаз, аспирант, республикалық және халықаралық конкурстар лауреаты

1989-2000 жылы А.Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектеп интернатын қыл қобыз мамандығы бойынша үздік бітіріп, сол жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жоғары білімін Б.Қосбасаровтың класында жалғастырады.Қазіргі таңда П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы. Колледж қабырғасында құрылған қыл қобызшылар ансамблінің көркемдік жетекшісі.

 

Кто на сайте

Сейчас 71 гостей онлайн