Home Коллективы Оркестр казахских народных инструментов

Казахский народный оркестр

E-mail Печать PDF

Халық аспаптары оркестрі

А.Жұбанов атындағы студенттік халық аспаптар оркестрі колледж қабырғасында құрылған. Республикалық конкурстар лауреаты. ҚР Білім және ғылым министрлігі аттестациялық комиссиясының шешімімен үздік оқу оркестрі деп танылған. Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері, Білім ісінің үздігі, Асқаров Шынарбек Асқарұлы.

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG-20170517-WA0001.jpg

Оркестрдің репертуарында қазақ халық күйлері, қазақ, орыс және шет ел композиторларының шығармалары бар.  Классикалық композиторлардың операларынан және симфониялық  шығармаларынан үзінділер кең көлемде қолданылады. Халық аспаптары бөлімінің бітіруші түлектері жыл сайын оркестрге жетекшілік ретінде мемлекеттік емтиханда өз өнерлерін көрсетеді. Студенттер дирижерлік ету бойынша өздерінің авторлық шығармаларын оркестрге орындатып тәжірибе жүзінде кәсіби деңгейлігін дамытады.

Описание: E:\коллективы\симф оркестр\нар\IMG_6211.JPG

Оқу жылы барысында халық аспаптары бөлімінің оқытушылары Т.А.Ералиев, Т.Б.Кушеров, М.Сейтжанова есептік концерттер өткізіледі.  Оркестр қалалық және колледж ішінде өтетін іс-шараларға белсенді қатысады.

Описание: E:\коллективы\симф оркестр\нар\IMG_6395.JPG

Соның ішінде Тұңғыш Президент қорының залында, Астана қаласының Конгресс Хол залында үлкен концерттік бағдарламасымен өнер көрсеткен. Оркестр құрамы 3 және 4 курс студенттерінен әрі, республикалық және халықаралық конкурстар лауреаттарынан құралған.

Колледж қабырғасында сондай-ақ, кіші оркестр құрылған. Оркестр құрамына 1 және 2 курс студенттері қатысады. Оркестрдің мақсаты төменгі курс студенттерін үлкен оркестрге дайындау. Парақтан оқу, ансамбльмен ойнау, дирижерды бақылау дағдыларын меңгерту. Көркемдік жетекшісі ҚР Еңбегі сіңірген артисі Жалғасбек Бегендиков.

Описание: E:\коллективы\симф оркестр\нар\IMG_6374.JPG

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG_5535.JPG

Оркестр репертуарында қазақ, орыс және шет ел шығармалары кеңінен орындалады. Ж.Бегендиковтің жетекшілігімен кіші оркестр жылына екі рет есептік концерт өткізеді.

Описание: E:\коллективы\симф оркестр\нар\IMG_6368.JPG

 

Кто на сайте

Сейчас 80 гостей онлайн